БҚО әкімі Ғали Есқалиев: 2025 ЖЫЛЫ АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ 100 ПАЙЫЗЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ
Бүгін үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев облыстың даму жоспарын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық құрылымдық кешенді жоспары жасалды. Жоспарда 116 шара болып отыр, оларды жүзеге асыру үшін 2,6 трлн. теңге керек. Аталған қаражаттың 80 пайызға жуығы жеке бизнес есебінен және мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігі арқылы тартылады деп болжап отырмыз.
Облыс әкімінің сөзінше, бірінші аймақты тауарлық газбен қамтамасыз ету реттеледі. Сондай-ақ, маңызды мәселелердің бірі электр желілері мен автомобиль жолдарын жөндеу алға қойылғанын атап өтті.
Әкім «алдағы жылдары ауылды толық сумен қамтамасыз етеміз» деп отыр.
Тұрғын үй саласында 3 млн шаршы метр жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс аудандарында сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау болады. Бұл 2025 жылдың соңына қарай ауыл халқының 100 пайызын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал ауыл шаруашылығының қолдау көлемін ұлғайту мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның бірнеше өңірін сапалы етпен қамтамасыз етіп отқанын айта кетейік.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы да кенжелеп қалмайды.
Әлеуметтік саланы дамыту мақсатында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, кардио-орталық корпусы, ауылдарда 42 модульдік медициналық нысан, 74 жаңа мектеп, 150 орынды мүгедіктерді оңалту орталығы, 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда, кешенді жоспар 4 жыл ішінде, 38 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрады және өңір тұрғындарының көптеген әлеуметтік проблемаларын шешеді деп болжап отырмыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу