8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Желтоқсан 2021 2312 0
Қалалықтар қаперіне

ЗАШАҒАНДА ОТБАСЫЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесінде Оралдағы Зашаған кентінде  №5 отбасылық денсаулық орталығы ашылды.  Орталық №6 қалалық емхананың бөлімшесі ретінде тұрғындарға қызмет көрсетпек. Нысанның ашылуына қала басшысы Абат Шыныбеков қатысып, тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтады.


– Баршаңызды ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бүгін қаламыздың ең үлкен кентінің бірі Зашаған кентіндегі тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында жаңа отбасылық денсаулық орталығы ашылып отыр. Мемлекет басшысы өз жолдауларында айтып өткендей, бірінші кезекте тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тиіспіз. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда кентте 70 мыңға жуық халық тұрады. Тиісінше, емханаға түсетін жүктеме көп. Басты мақсатымыз – осы аумақта тұратын тұрғындарымызға сапалы медициналық қызмет көрсету және оны қолжетімді деңгеңге жеткізу,– деді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.

Денсаулық орталығының лентасын ардагерлер одағының мүшесі, кент тұрғыны Қозекеш Омаров пен ардагер-дәрігер Галина Лобода қиып, құттықтауларын жеткізді.

Жаңа орталықта тұрғындарға аталмыш кенттің 6 учаскесі бойынша жалпы тәжірибелік және 1 учаскесі бойынша балалар дәрігері қызмет етеді. Сондай-ақ мұнда физиотерапия,гинекология, лаборатория кабинеттері мен дәріхана жұмыс жасайды. Алдағы уақытта күндізгі ем қабылдау және екпе кабинеттері ашылады.

Айта кетейік, жаңа медицина орталығы қызмет бағытын өзгерткен дәмхана ғимараты орнына ашылды. «NS-проект» ЖШС ғимаратты барлық талапқа сай бейімдеп, құрылыс жұмыстарын жүргізіп берген. Жаңа отбасылық денсаулық сақтау орталығы Жәңгір хан көшесіндегі 50/1 мекенжайында орналасқан. Емхана 12 мың тұрғынға қолайлы қызмет көрсетуге дайын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»