8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2021 1909 0
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ОРАЛДА ЖАҢА АВТОБУСТАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қала ішінде қатынайтын 5-ші және 43-ші бағыттағы автобустардың қатары толығып, орта және үлкен классты 25 қоғамдық көлік қолданысқа берілді.

Тұңғыш Президент атындағы алаңда өткен іс-шараға Орал қаласының əкімі Абат Шыныбеков қатысып, автобус паркі ұжымын құттықтады.

– Баршаңызды қасиетті де қастерлі мерекеміз – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің жас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі алдыңғы кезекте азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Бүгін мерейтойлық іс-шаралар аясында қала тұрғындары үшін тағы да бір жақсы жаңалықтың куәсі боп тұрмыз. Өздеріңізге белгілі, қоғамдық көлік – қала тыныс-тіршілігінің артериясы. Жылма-жыл қоғамдық көліктердің санын арттыру бағытындағы жұмыстар мемлекет тарапынан қолдау тауып, жергілікті жолаушылар тасымалы кәсіпорындарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл бірінші кезекте қала тұрғындарына көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметі сапасын тағы бір деңгейге арттырады деп сенеміз, – деді шаһар басшысы.

“Лиаз” және “Вектор Некст” маркілі жаңа автобустарды “ОралАвтоТранс” ЖШС “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ арқылы алған. Жолаушыларға лайықталған жаңа қоғамдық көлікте автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған. Сондай-ақ желдеткіш, арнайы қажеттілігі бар жандардың арбасына арналған пандус, LED-экран және бейнебақылау құрылғысымен жасақталған. Сондай-ақ қала ішінде жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі орнатылды.

Жалпы Орал қаласында жолаушы тасымалымен 6 мекеме айналысады. Бүгінгі күні қала ішінде 300-ге жуық қоғамдық көлік қатынайды.
Айта кетейік, тұрғындардың жол жүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында 2021 жылы “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ арқылы 60 жаңа автобус сатып алынды.

@uralskakimat

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»