ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
5-6 сыныптар бойынша республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне жолданған Орал қаласы білім беру бөлімінің командасы үздік нәтиже көрсетіп, оқушылар 100 пайыз жүлдегер атанды.
Олимпиаданың облыстық кезеңі 7 желтоқсан күні өтті. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, тарих пәндері бойынша оқушылардың білімі сынға салынған олимпиадаға аудандық және қалалық кезеңдерден іріктеуден өткен 165 оқушы қатысты. Олардың 16-сы қала мектептерінің оқушылары.
Облыстық кезеңнің қорытындысында Орал қаласынан жолданған шәкірттер толықтай жүлдегер атанды. Оның ішінде 5 оқушы – бірінші, 6 оқушы – екінші, 5 оқушы – үшінші орын иеленді.
Республикалық кезеңге жолданған 16 үздіктің сегізі Орал қаласы мектептерінің оқушылары.
Олимпиаданың қорытынды – республикалық кезеңі 13 желтоқсан күні өтеді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу