БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ХІҮ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін, 30 қараша облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов жаратылыстану-математикалық бағыттағы ХІҮ Президенттік олимпиадасының жүлдегері Айдана Қапасовамен кездесіп, арнайы құттықтады.
Кездесуге білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, Айдана Қапасовамен бірге анасы, мектептегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерінің мұғалімдері қатысты.
ҚР БжҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 15-18 қараша аралығында Қарағанды қаласындағы Академик Е.А.Бекетов атындағы Қарағанды университетінің базасында жаратылыстану-математикалық циклі пәндері бойынша XІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.
Олимпиада 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерінен өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан іріктеу кезеңінің 182 жеңімпазы қатысты. Қатысушыларға арнап Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенттінің тарихи-мәдени орталығына және «Қысқы баққа» экскурсия ұйымдастырылды.
Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша182 қатысушының арасынан 48 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, оларға Қазақстан республикасының 20-ға жуық беделді ЖОО-ры арнайы грант тағайындады. Олимпиадаға өңірімізден 10 оқушы қатысты.
Қорытынды бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектебінің 11-сынып оқушысы Капасова Айдана – ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды.
Жүлдегерге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан және С.Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеттерінің 100% мемлекеттік грант сертификаттары табысталды.
Кездесу барысында Б.Нарымбетов олимпиада жүлдегеріне болашақта бұданда биік белестерді бағындыруын тілеп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу