ОН ЖЫЛ ІШІНДЕ ОРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ 65 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бұл туралы бүгін, 30 қараша күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков баяндады.
– Қаламызда тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Тәуелсіздік жылдары «Қолжетімді баспана», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңа шағын аудандар салынды. Соңғы 10 жылда қалада аталған бағдарламалар аясында 65 көпқабатты тұрғын үй (420 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. 2010 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан әртүрлі санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған 6 мыңға жуық отбасыға пәтерлер берілді. Орал қаласында апатты үйлердің орнына жаңа үйлер салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында қалада 19 үй сүріліп, оның орнына 10 жаңа көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерді, – деді қала басшысы Абат Абайұлы.
Шаһар басшысының мәліметінше, бүгінде облыс орталығында 6 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қалада 1247 көпқабатты тұрғын үй бар. 2011 жылдан бастап күні бүгінге дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 143 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру

Пікір үстеу