МАС ЖҮРГІЗУШІ БАҒАНАНЫ ТҮЙДІ
Оқиға бүгін, 23 қараша түнгі сағат 1.50-де Н.Назарбаев даңғылы мен Сарайшық көшелерінің қиылысында болған. Жолаушылар зардап шеккен жоқ.
БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, 2000 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы тізгіндеген ресейлік нөмірлі ВАЗ 21114 маркілі автокөлігі жол жиегіндегі жарық бағанасына соғылған. Жүргізуші мас болған. Көлікте Өзбекстан азаматтарының 3 жолаушысы болған, олар зардап шеккен жоқ.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
– Өкінішке орай, ресейлік нөмірлі көліктердің жүргізушілері түрлі құқық бұзушылықтарға барады. Бұл көліктер Қазақстан Республикасында тіркелмегендіктен, иелерін қадағалау мүмкін болмай тұр. Осыны біле тұра, олар мас күйінде рөлге отырады, тіпті көпшілігі жолаушыларды тасымалдау қызметтерін көрсетеді, такси қосымшалары арқылы жұмыс істейді. Бұл көлік Ресей Федерациясында тіркеуден шығарылған, бірақ Қазақстан Республикасында тіркелмеген, құжаттары бойынша мұндай көліктер жоқ, сондықтан жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушіден өтемақы алу өте қиын болады, – деді БҚО ДП ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу