ОРАЛДЫҚ СТУДЕНТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті, ҚР спорт шебері Әділбек Сейсов Өзбекстан елінің Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатында жауынгерлік самбодан 3-орынға ие болып, қола жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы БҚАТУ медиа-орталығы хабарлады.
Спортта тағы бір белесті бағындырған спортшы 12-14 қараша күндері өткен әлемдік додада 64 келі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орыннан көрінді.
Жүлдегермен хабарласып, жеңісімен құттықтап, әлем мықтылары боз кілемге шыққан чемпионаттан алған әсерін сұрап білдік. Өзбек палуанына ғана есе жіберіп алғанын айтқан Әділбек Сейсов бұл жеңістің де оңайлықпен келмегенін сезіндірді. – Ең бірінші қарсыласым Египет палуаны болды, оған «ауырту» әдісін қолдану арқылы жеңіске жеткен едім. Одан кейін АҚШ спортшысымен белдесіп, оны 8:3 есебімен ұттым. Үшінші белдесуде Болгария самбошысымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түстім. Алайда төртінші белдесуде өзбекстандық палуан «қылғындыру» әдісімен жеңіп кетті, – деді Әділбек Махамбетұлы.
Осылайша ақтық сынға шығу мүмкіндігі өзбек спортшысына бұйырып, жерлесіміз 3-орынға тұрақтаған.
Қазақ елінің намысын қолдан бермеуге тырысқан Жәңгір хан университетінің студентін кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Еске сала кетсек, Әділбек Сейсов – БҚАТУ-дың «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандығының 2-курсында оқиды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу