ОРАЛДА ЖЫЛДЫҢ ӘР МАУСЫМЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН АЯЛДАМАЛАР КӨБЕЮДЕ
Кейінгі жылдары қаламызда жылы аялдама павильондары орнатыла бастады. Өткен жылы осындай екі аялдама салынса, осы аптада тағы екі жылы аялдама павильонының құрылысы аяқталып, жолаушылар игілігіне берілді.
Жаңа жылы аялдама павильондарының бірі Н.Назарбаев даңғылы бойындағы «Өлкетану музейі», екіншісі Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Жигули» аялдамасына қойылған. Яғни, жолаушылар көп шоғырланатын аумақтарға басымдық берілген.
Бұл аялдамалар жылдың әр маусымына бейімделген. Олар қыста жылытылып, жазда салқындатылады. Бейнебақылау камераларымен жабдықталған. ЖолаУшылар үшін телефондарын қуаттау көздері де қарастырылған. Витражды әйнектен жасалған құрастырылым сырттағы көлікті жақсы көруге мүмкіндік береді. Жылы да жайлы аялдамалардың көбейе бастағанына тұрғындар қуанышты.
– Жауын-шашынды күндері мұндай аялдамалардың қажеттілігі сезіледі. Алдымызда қыстың бет қаритын аязы мен суығы келе жатыр. Жұмысқа шыққан тұрғындар автобустары келгенше жылы жерде күтетін болды. Осындай аялдамаларды көбейткендерін қолдаймын, – деді Степан Иванченко.
Бір жылы аялдама павильонын орнату қалалық бюджетке 10 млн. теңгеге түскен. Сонымен қатар биыл әрқайсысының құны орта есеппен 1,5 млн. теңге болатын 20 ашық аялдама павильоны орнатылды.
– Жаңа аялдамалар орнату және аялдамаларды күтіп-ұстау және ағымды жөндеу жұмыстары жүгізілуде. Жылы аялдамалар 1,5 ай ішінде құрастырылды. Аялдама павильондары қоғамдық көліктер жүретін уақытта, яғни таңғы сағат 7.00 мен кешкі сағат 22.00-ге дейін ашық болады, – дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрлыбек Мұхаметқалиев.
Келер жылы қаланың жаңа шағынаудандары мен аялдама павильоны жоқ орындарға жалпы 30 ашық, 4 жылы аялдама орнату жоспарлануда.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу