ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 46 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ
Биыл еліміз ең маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде барлық салада, соның ішінде денсаулық сақтау саласында да елеулі өзгерістер болды. Егемендік алған сәттен бастап біздің еліміз қоғамның өмірінде көрініс тапқан проблемаларға тап болды. Біздің облыс үшін осындай проблемалардың бірі шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға медициналық көмек көрсету болды. Әдетте, оларда тек медициналық пункттер бар, олардың жабдықтары мен штаты толыққанды зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында шалғайдағы ауылдық елді мекендер үшін көлік медицинасын дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Егер өткен жылы облыстың ауыл тұрғындарына көшпелі медициналық көмекті 3 жылжымалы медициналық кешен көрсеткен болса, 2020 жылдың соңында республикалық бюджет есебінен қосымша 9 жаңа жылжымалы медициналық кешендер сатып алынып, қолданысқа берілді.
«Батыс Қазақстан облысында 2021 жылдың 9 айында облыстың аудандарында жылжымалы медициналық кешенмен 42 124 ауыл тұрғындарына (оның ішінде 9 671 балалар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және МӘМС пакетіне кіретін медициналық көмектер көрсетілді. Қаралу барысында 12 777 диагностикалық тексерулер, 9 491 зертханалық тексерулер, 24 616 бейінді мамандардың кеңесі өткізілді. Халықты тексеру барысында 959 адам диспансерлік есепке алынып, емдеу тағайындалды. Тексерілген азаматтарға әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметтер үшін 88,4 млн. теңге, бұл соманың 87,9% МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтер үшін төледі» – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.
Жылжымалы медициналық кешеніндегі диагностикалық орталықтардың көмегімен адамдарға скринингтер, тексерулер жүргізу, сондай-ақ сол жерде қажетті медициналық көмектер көрсетілуде.
Жылжымалы медициналық кешендерде кеңес беру, мамандандырылған медициналық көмек, диагностикалық зерттеулер көрсетуге мүмкіндік беретін кабинеттер бар. Атап айтсақ: жалпы қабылдау кабинеті, жалпы практика дәрігерінің аймағы, талдауларды қабылдау аймағы, дәріхана пункті, функционалдық диагностика кабинеті, акушер-гинеколог кабинеті, рентген-кабинет, сондай-ақ автобус автоматтандырылған пандуспен жабдықталған.
2020-21 жылдары жылжымалы медициналық кешендердің шығуларына облыстағы эпидемиологиялық жағдай қатты әсер еткенін атап өту қажет. Сондықтан келесі жылға үлкен жоспарлар жүктелуде.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу