ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтады.
Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Осыдан он жыл бұрын, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен әлеметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі белгіленген болатын. Жауапкершілігі зор қызметтерін абыроймен атқарып жүрген қалалық әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерін шаһар басшысы Абат Шыныбеков құттықтады.
– Бұл күннің белгіленуі –халқымыздың әл-ауқатын арттырудағы өзіндік үлесі бар әлеуметік сала қызметкерлеріне үлкен құрмет. Қай заманда болмасын қоғамда әлеуметтік сала мамандарының рөлі зор. Өйткені әлжуаз топтарға, жалғызбасты жандар мен тағдырдың түрлі сынына түскен азаматтарға көмек керек. Әлеуметтік қызметті көрсетушілер әр түрлі кәсіптің мамандары болуы мүмкін. Дегенмен, ең бастысы ниет болуы керек, ол – жүректің жылуы, өмірге құштарлық, адамдарға көмек беру, алға қойған мақсатқа жігерлілік. Ең бастысы – айналаға махаббат. Осының барлығы қаламыздағы әлеуметтік сала қызметкерлерінің бойынан табылады деп білемін. Бұл – қызмет зор жауапкершілікті жүктейді, – деді Абат Шыныбеков.
Бүгінде қаладаға әлеуметтік сала жүйесінде 1000-ға жуық азамат жұмыс жасайды. Азаматтарға қамқор бұл құрылымның қызметі қашанда сұранысқа ие. Өйткені, олар мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлер мен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде көмек көрсетуге әзір. Мұқтаж азаматтарға қолұшын беріп, олар үшін қоғамда қалыпты жағдай туғызуға ықпал етіп келеді. Сондай-ақ түрлі тұрмыстық дағдыларына жәрдемдесіп жүр. Халықты әлеуметтік қорғау бағытында қажырлы еңбек етіп қызметтерін жауапкершілікпен атқарған үздік мамандар қала әкімінің алғыс хатына ие болды.
Атап айтқанда, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары З.Гусманова, А.Горбунова, Г.Нұрғали, А.Жұмағазиева, Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары А.Жаманғарина, Э.Иманғалиева, Өмірлік қиын жағдайда қалған жандарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығының маманы А.Шынтемірова, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының маманы А.Бүркітова, Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының мамандары Г.Хасанғалиева мен Ғ.Сарсенов марапатталды.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы және кәсіподақ атынан марапаттар ұсынылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу