28 Қазан 2021 2077 0
ҚоғамӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков әлеуметтік саладағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Шаһардағы әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін тұлғалардың мәселесін сараптау мақсатында қала әкімдігіне қарасты құрылымдық бөлімдердің басшылары да мүмкіндігі шектеулі жандарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Кездесу «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында өтті.
Әлеуметтік саладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шаралары мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылуда. Түрлі санат бойынша мүгедектігі бар азаматтар мәдени, демалыс, спорттық бағыттағы орындарда бос уақытын өткізуіне мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтық және психологиялық, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңестер ұсынады.
Өңірде кедергісіз орта қалыптастыру шаралары қолға алынғанымен, дені стандартқа сай емес, кейбір қосымша мәдени орындарда арнайы санаттағы балалармен жұмыс жүргізуге бейім маман жетіспейді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Наурызбай Дауешов арба және тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және есту мүшесі нашар адамдардың толық бейімдеуі үшін мамандар паспортталған объектілерге шығып, нәтижесінде 61 бейімделген нысан анықталғанын айтты. Оның ішінде 27 нысан толықтай, 19-ы ішінара қолжетімділікті сақтап отыр.
Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың үлесі 12 мыңнан асады. Олардың 1541-і І топ мүгедегі санатына тиесілі. «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжановтың айтуынша, тұрғындар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктердегі жеңілдік мәселесіне назар салу қажет. І топ мүгедектігі санатындағы тұлғаларға белгіленген тегін жолақысы көз жанарынан айрылғандарға қолданылса, аталған жеңілдікті қоларбаға таңылған мүгедектер пайдалана алмайды. Сонымен қатар инватакси қызметінің 5 күндік жұмыс кестесі салдарынан демалыс күндері сауда орындары мен өзге де нысандарға қатынас жеке такси қызметін пайдалану арқылы ғана шешілуде.
– Биыл жыл аяғына дейін қаладағы автобус паркін 40 пайызға жаңарту мақсаты көзделсе, қызмет сапасы мен қолжетімділікті арттырып, электронды билет жүйесін енгізу жүргізілуде, – деп атап өтті қала әкімі Абат Шыныбеков. Алайда, мүгедек азаматтарды мазалаған жолақысын төлеу мәселесін көлік тасымалымен айналысатын мекеме әкімшілігі мүмкіндігіне сай келсе, жеңілдікті қарастыруына болады. Қоғамда мүгедектігі бар азаматтардың түрлі санаты анықталғанын ескерсек, категориялар арасынан І топ мүгедегін бөліп алуға мүмкіндік жоқ.
Өңірдегі тұрғын үй мәселесі де шаһар басшысының назардан тыс қалмады. Жыл сайын тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміне алынған мүмкіндігі шектеулі жандардың біраз бөлігі жыл сайын баспана бақытына кенелуде. Жалпы қала көлемінде бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерден осал топтағы жандар арендалық және «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспанамен қамтылуда.
Орал қаласының баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
05 Тамыз 2026
70 0
Без рубрики
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
05 Тамыз 2026
72 0
Без рубрики
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
05 Тамыз 2026
69 0
Заң және тәртіп
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
05 Тамыз 2026
67 0
Құрылтай-2026
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
04 Тамыз 2026
101 0
Инфрақұрылым
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
04 Тамыз 2026
122 0
Заң және тәртіп
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
03 Тамыз 2026
161 0
Құрылтай-2026
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
03 Тамыз 2026
135 0
Без рубрики
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
03 Тамыз 2026
133 0
Құрылтай-2026
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
03 Тамыз 2026
128 0
Инфрақұрылым
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
03 Тамыз 2026
138 0
Құрылтай-2026
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
03 Тамыз 2026
140 0

Кіру

Пікір үстеу