ӘЙЕЛДЕР ВОЛЕЙБОЛ ОЙНАДЫ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Орал жастары» іс-шаралар легін жалғастыруда. Кезекті шара – әйелдер арасында ұйымдастырылған «Спорт – сенің серігің» тақырыбы таңдалған волейбол ойыны.
Шараны жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жастарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды. Жастарға қолдау көрсету, қоғамға бейімдеуде мақсатты топтармен жұмыс жасайтын бөлім бұл жолы ойынды әйел жамағатының қатысуымен өткізді.
Бөлім басшысы Алма Төлепқалиева атап өткендей, әйел жамағатының қатысуымен жаздыгүні спорт жарысы өткізілген. Белсенділік танытқан әйелдер қауымы екінші мәрте волейбол ойынында бас қосты.
Ойыншыларды әйелдер жамағатымен тұрақты жұмыс жасап жүрген облыстық мәслихат депутаты Шаттық Өтебалиева мен ұстаз Назгүл Данаева қолдап келді.
Ойын нәтижесінде бірінші орынды “Алға” командасының арулары иеленсе, жүлделі екінші орынды “Барыс” тобының қатысушылары қанжығалады. Ал үздік үштікті “Баракат” командасы түйіндеді.
Жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар ұсынылды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу