8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2021 1554 0
Қоғам

ОРАЛДА САНИТАРЛЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

Бүгінгі сенбілік кезінде Жұлдыз шағын ауданына 200, 10 шағын ауданға 100 түп терек отырғызылды.

Бүгін Жұлдыз, 10-ыншы шағын аудандарда ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру жұмыстарына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындар, аталған шағын аудандардағы білім ордаларының қызметкерлері, жастар ұйымдары, мешіт қызметкерлері белсенді қатысты.

Сондай-ақ қаладағы мектепке дейінгі ұйымдар өз аумақтарында ағаш отырғызып, тазалық жүргізді. Шараға  1300-ден астам бөбекжай қызметкері жұмылдырылды. Олар қайың, үйеңкі, шырша, тау күлі, каштан, қарағай, емен ағаштары бөбекжайлар аумағына түптендірді. Сонымен қатар алхоры, шие сынды жеміс ағаштарының көшеттері де бар. Жалпы 400-ге жуық түп отырғызылды.

Сонымен қатар сенбілік Жайық, Шаған өзендерінің жағалауында ұйымдастарылды. Қаланың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері өзендердің жағалауларын күл-қоқыстан арылтты.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»