Ш.Шайдиева: «Бір болсақ, біз жеңілмейміз»
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқан елімізді дамытудың басым бағыттарын тізбектеп, осы ретте атқарылуы тиіс міндеттерді атады. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бес бастаманы ұсынды. Өңір тұрғындары Жолдауда айтылған мәселелерді бірауыздан мақұлдап, өз қызметтерінің барлық бағытында басты назарға алатындарын жеткізуде.
«Президентіміз Жолдауында бес негізгі бастаманы ұсынды. Осы Жолдаудан өз атқаратын қызметімнің жайына қарай назарыма алғаным – Президент адам құқықтарын қорғау саласын бөлек блокпен белгілеп, мемлекеттік аппарат пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формасын қалыптастыру ретінде әкімшілік юстиция жұмысының басталуын атап, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті елдің стратегиялық бағытының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде белгіледі. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы өткен жылдың сын-қатерлеріне жауап ретінде берілген деп қабылдадым. Жолдаудың екпіндері – экономика, білім мен медицина, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты және басқа маңызды аспектілер пандемиядан кейінгі кезеңде мемлекеттің дамуының бірқатар негізгі шарттарын ашады, олардың дәйекті және үйлестірілген түрде орындалуы түптеп келгенде дағдарыстық кезеңді жеңуге және әлемдік экономикадағы позициясын нығайтуға ықпал етуі тиіс. Өзім үшін қорытындылайтын болсам, әрқайсымыз өзімізге жүктелген жауапкершіліктің үлесін түсініп, бар күш-жігерімізді салатын болсақ, онда біз әлемді жақсарту үшін алдымызда тұрған барлық міндеттерді шешуге қабілеттіміз» – дейді БҚО МАӘС судьясы Шынар Шайдиева.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу