Ляна ТҰРСЫНОВА, облыстық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер: «ЖАСТАРҒА ЗОР МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛДЫ»
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында мемлекетіміздің даму стратегиясы нақты айқындалған. «Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда» деп атап өтті Мемлекет басшысы. Жолдаудың өзекті идеясын осы жолдардан байқауға болады. Бұл шын мәнісінде патриоттық ойды ашық көрсетіп отыр. Президент Жолдауында мемлекетіміздің экономикасы, экологиясы, ғылымы, білім беру жүйесі, жер қойнауы, сондай-ақ ауыл шаруашылығының әлеуеті, азық-түлік бағасы, ауыз су мәселелерін нақты атап көрсетті.
Мен халық қалаулысы ретінде Президент Жолдауын зор ықыласпен тыңдадым. Болашағымыз жастарға қаншама мүмкіндіктер ашылып отыр. Елге қажетті мамандарды даярлауға аса көңіл бөлінуде. Қасым-Жомарт Кемелұлының әр Жолдауында айтылған тапсырмалары жүзеге асып жатқанына куә болып келеміз. Мемлекет басшысының бастамасымен келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерi ұлғаяды. Бұл шешім миллионнан астам қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін бюджет қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өсіп отырады. Бұл шара мәдениет қызметкерлерін, мұрағатшыларды, қорықшыларды және бюджет саласындағы өзге де мамандарды қамтиды. Қай саланың болмасын дамуы еліміздің тағдыры үшін аса маңызды. Қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Жастардың денсаулығын, толыққанды білім алуын, спортпен шұғылдануын басты назарда ұстаумыз аса маңызды.
Жаңа реформалардың басты мақсаты – азаматтардың орталық және жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау процестеріне қатысуын қамтамасыз ету. Осы бағытта Мемлекет басшысы депутаттық мандаттарды бөлу кезінде ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы квота қарастыру қажет екенін айтты. Жалпы, биылғы Жолдауды қоғамның алдағы реформалар бойынша сұрақтарына берілген нақты жауап деп қабылдаймыз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті

Кіру
Пікір үстеу