8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2021 5260 0
Қалалықтар қаперіне

«ҚАЛА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР 10 КҮН БОЙЫ ӨТЕДІ

 «Қала күні» мерекесін барлық қала тұрғындары сезінуі тиіс. Сондықтан шаһардың барлық аймағында мерекеге орай түрлі ойын-сауық және спорттық шаралар өтетін болады.

«Қала күнінің» мерекелік логотипі қаланың табиғи тазалығын бейнелейтін жапырақ бейнесінде. Сол жағындағы көк түс және үш сызық қаланы қоршап аққан үш өзен. Оң жағындағы жасыл түс – қаланы қоршаған орман-тоғайды, жасыл желекті бейнелейді. Ал ою-өрнек ұлттық өнердің ордасы екенін көрсетеді. Сонымен қатар логотиптің ортасында шаһардың басты нышанына айналған стелла мұнарасы бейнеленген. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев атап өткендей, қонақтарға мерекелік логотип басылған маскалар үлестірілмек, сондай-ақ қаладағы тарихи нысандар туралы мәлімет жинақталған парақшалар ұсынылады.

Мереке аясында бірқатар мәдени-көпшілік, спорттық шаралар өткізу жоспарлануда. Шаралар онлайн және оффлайн форматта өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, 30  пайыздық толымдылықпен ұйымдастырылады. Басты шаралар «Аqjaiyq» телеарнасынан көрсетілмек.

zhaikuni.kz

«ҚАЛА КҮНІ – 2021»МЕРЕКЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

10 қыркүйек

            сағ. 10.00 «Брейк-данс» аймақтық фестиваль – Қалалық мәдениет және демалыс саябағы.

           сағ. 16.00 «Мен ауылдың баласы» атты КТА ойындары – Жастар мәдениет үйі.

«Менің сүйікті қалам» атты фото және бейнечелленджі – әлеуметтік  желілерде.

11 қыркүйек

           сағ. 19.00 Сән көрсетілімі «Орал – 2021»  – Салтанат сарайы

12 қыркүйек

           сағ. 11.00 Қала күніне арналған «Қазақша Stаndup» жобасы – ҚазИИТУ Студенттер үйі.

13 қыркүйек

          сағ. 17.00 Балалар шығармашылық концерті – Х.Бөкеева  атындағы  қазақ драма театры

           сағ. 11.00 «Білімділер додасы» телевизиялық зияткерлік ойыны – ҚазИИТУ Студенттер үйі.

           сағ. 19.00 «Әсем өлкем – Ақ Жайық» облыстық жергілікті композиторлар мен ақындардың әндерінен шығармашылық кеш – Жайық өзенінің  жағалауы.

14 қыркүйек

          сағ. 10.00 «Достық-Дружба» атты ерлер арасында волейболдан халықаралық турнир – Жоғары дәрежелі облыстық спорт мектебі

          сағ. 11.00 Облыстық ІІІ «Жайықтың би әлемі» фестивалі Х.Бөкеева  атындағы  қазақ драма театры.

          сағ. 11.00 Республикалық V «Жайық сазы» атты дәстүрлі өнер фестивалі – Жайық өзені жағалауы.

16 қыркүйек

          сағ. 19.00 «Орал опера – 2021» классикалық музыка кеші – Жастар мәдениет үйі.

17 қыркүйек

          сағ.19.00 «Жайықтың ұлы тұлғалары» атты суретшілер көрмесі – Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры.

18 қыркүйек 

         сағ. 10.00 «JaiyqBikeFest» атты велотреал – Басқақ тоғайы (Перевалочная роща).

        сағ. 20.00 «Туған қалам – Оралым!» атты қала күніне арналған мерекелік гала-концерт – «Аqjaiyq» телеарнасы.

19  қыркүйек

        сағ. 18.00 Ерлер арасында ММА-дан халықаралық турнир – Жекпе жек спорт кешені.

10-19  қыркүйек

         сағ. 17.00 «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолөнер және гүлдер жәрмеңкесі – Д.Нұрпейісова көшесі

11-19 қыркүйек

         сағ. 11:00 «Сүйікті Оралым» сәулет өнері көрмесі – Оқушылар сарайы.

16-17 қыркүйек

         сағ. 19.00 «JaiyqFilmFest» Халықаралық қысқа метражды және деректі фильмдер кинофестивалі – Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»