8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қыркүйек 2021 1286 0
Дені сау ұлт

Бірінші жарты жылдықта көрсетілген медициналық көмек көлемінің өсуі МӘМС есебінен болды

2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда медициналық көмектің бірқатар бағыттарының көлемі өсті. Бұл жалғасын тауып жатқан коронавирустық пандемия жағдайында да денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуге бейімделгендігін көрсетіп отыр. Осы туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Осылайша, емханалар деңгейінде көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмектің көлемі ұлғайды. Консультациялар мен диагностикалық қызметтер саны 2020 жылмен  салыстырғанда 31% – ға артты. Барлығы 70 млрд теңге сомасына  41,1 млн қызметтің түрі  көрсетілді, бұл 2020 жылдың 1- жартыжылдығына қарағанда 12,7 млн-ға артық болып отыр.

Сонымен қатар, МӘМС амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді. Науқастардың тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетін аурулар тізімі  45-тен 138-ге дейін кеңейтілді.

«Бұл жерде, ақпараттық жүйелерде жан басына шаққандағы нормативпен (МСАК, мектеп медицинасы) қаржыландырылатын көрсетілген қызметтер бойынша деректер толық көлемде енгізілмеген. Медициналық ұйымдардың барлығы  аталған  қызметтер бойынша деректерді толық енгізуі қажет», – деп атап өтті Қор басшысы.

Сонымен қатар, Болат Төкежанов мамандандырылған медициналық көмекке тоқталып өтті. Мәселен, өткен жартыжылдықта медициналық сақтандыру есебінен еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 434,3 мыңнан астам пациент ем алды. Бұған МӘМС жүйесіне барлық стационарлық көмекті қаржыландыру көлемінің 51,2% – ы бағытталған.

«Медициналық ұйымдарда 376 мың ота жасалды. Жоспарлы емдеуге жатқызуды 10 күн күтетін пациенттердің саны 42% – ға (13,2 мыңнан 11,4 мың пациентке дейін) қысқарды», – деп мәлімдеді ӘМСҚ басшысы.

Б.Төкежанов сондай-ақ Қордың медициналық оңалтуды дамытуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде дамытуды ынталандыруды жалғастырып отырғанын айтты. Осы ретте осы қызметтер бойынша  Өнім берушілер саны 20 есеге, 64-тен 618-ге дейін өсті, ал көрсетілген қызметтерді қаржыландыру көлемі 22 млрд теңгеден асты.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»