38 мың қазақстандық МӘМС жүйесіне оралды
2021 жылғы 1-шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 83,5% – ы медициналық сақтандырудың қатысушылары болып табылады, яғни 15,85 млн адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.
Басқрама Төрағасы Қор тарапынан Қазақстан Республикасының МӘМС туралы Заңына сәйкес соңғы 3 айда төлем жүргізген 38 мың азаматты МӘМС жүйесіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілгені, сондай-ақ дербес төлеушілер бойынша МӘМС жарналарын төлеуге қатысты шаралар қабылданғанын атап өтті.
«Бұл ретте МӘМС жүйесінен 3 млн-нан астам қазақстандық тыс қалып отыр, бұл халықтың осы бөлігі үшін МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қолжетімділігіне байланысты белгілі бір проблемаларды туғызады. Бірақ, жүйеден тыс қалғандар да әрқашан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет алуға құқылы», – деп Қор басшысы өз сөзінде айтып өтті.
Сақтандырылмағандардың ішінде 1,6 млн адам МӘМС үшін тұрақсыз төлем жасағандар болып табылады. Яғни, олар үшін қандай да бір аударымдар және (немесе) жарналар алынған, бірақ тұрақты түрде емес, сол себепті берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда сақтандырылу мәртебесі жоқ болып есептеледі. Өйткені БЖТ немесе жарнаның дербес төлеуші ретіндегі бірлі-жарым төлемдері МӘМС пакетінде барлық 12 ай бойы медициналық қызметтерді алуға құқық бермейді. Төлемдердің жүйелілігін сақтау әрқашан маңызды болып табылады.
Тағы 1,5 млн. адам МӘМС үшін бір рет болсын жарна төлемеген.
Болат Төкежановтың айтуынша, 2021 жылдың басымен салыстырғанда сақтандырылған қазақстандықтардың саны 2% – ға немесе 328 038 адамға азайған.
Қор басшысының мәліметінше, сақтандырылмаудың жоғары көрсеткіші Қостанай (23,2%), Алматы (22,3%), Түркістан (21,8%) және Жамбыл (20,2%) облыстарының тұрғындары арасында байқалуда.
Болат Төкежанов осы бағыттағы бірқатар проблемаларды атап берді, олардың ішінде ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты сәйкестендіру мен өзектендіруді, жұмыссыздар үшін МӘМС жүйесінде медициналық көмектің қол жетімсіздігін және жалдамалы қызметкерлердің МӘМС жүйесінен түсіп қалуын айтты.
«Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келетін болсақ, олар бойынша МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін автоматты түрде беру үшін Қордың ақпараттық жүйелерін ҚР ІІМ КҚК ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселесі пысықталуда», – деп атап өтті Қор басшысы.
Жоғарыда аталғандарға байланысты, Қор басшысы атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау басқармасының, медициналық ұйымдардың, Атамекен ҰКП мен аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының белсенді қатысуымен халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша өңірлік штабтар жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігін мәлімдейміз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу