2021 жылдың 1 жартыжылдығында МӘМС-ке 372 млрд. теңгеден астам жарналар мен аударымдар түсті
Бірінші жартыжылдықта ең көп түсім әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік санатындағылар үшін мемлекеттің төлеген жарналары болып табылды, бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеме жасады.
ӘМСҚ басшысы мәлімдегендей, 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 372,8 млрд теңге түсті, бұл жылдық жоспардан түсетін түсімдер жоспарының 53%-на сәйкес келіп отыр.
Осылайша, түсімдердің жалпы сомасынан алғанда:
– Азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттің жарналары-182,1 млрд теңге. 2020 жылы осы кезеңге 146,6 млрд теңге түсті .
– Жұмыс берушілердің аударымдары 94,1 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 76 млрд теңгені құрап отыр.
– 2021 жылдың 1 – жартыжылдығында қызметкерлер 81,8 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылы бұл сома 31,3 млрд теңгені құрады.
– Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 7,7 млрд теңгені құрады. Төлеушілердің осы санатымен 2020 жылдың дәл осындай кезеңінде 3,2 млрд теңге төлем жасалынды.
– Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар МӘМС үшін 3,1 млрд теңге төлем төледі. 2020 жылы аталған көрсеткіш 0,8 млрд теңгені құрады. БЖТ төлеушілер өткен 6 айдың көлемінде медициналық сақтандыру жүйесіне – 760 млн теңге, 2020 жылдың осындай кезеңінде – 1,9 млрд теңге төлем жасады .
Өзіне-өзі төлеушілер санаты 2021 жылдың 6 айында МӘМС үшін 3 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 180 млн теңгені құрады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу