ВОЛОНТЕРЛАР 60 ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
1 – қыркүйек білім күніне орай Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп, 60 мектеп оқушысына көмек көрсетілді.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, меценаттар, этномәдени бірлестік төрағалары, Ақжайық жастары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасыларының балалары қатысты.
Акцияның мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдап, көмек беру.
– Достық үйінде айына бір рет осындай іс-шаралар өтіп тұрады. Жылдың басынан бері 1000 ға жуық отбасыға көмектестік. Бүгінгідей сөмкелер ғана емес балаларға киімдер, мұқтаж отбасыларына арналған керекті заттар сияқты материалдық көмек көрсетілді. Әрқашан басқа да қолдаушылармен бірігіп қайырымдылық шараларын жасаймыз, – дейді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Волонтер орталығының басшысы Элгун Джаналиев.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу