ОРАЛДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Бүгін, 26 тамыз күні Орал қаласы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы кеңеске Орал қаласы әкімі А.Шыныбеков, білім беру саласының ардагерлері мен ұстаздар қатысты.
Дәстүрлі қалалық тамыз кеңесі аясында 18-24 тамыз аралығында 18 секция өз жұмыстарын атқарып, оған 5 мыңға жуық мұғалім қатысқан. Биылғы секциялық отырыстардың басты ерекшелігі – білім саласындағы ең маңызды мәселелер талқыланып, педагог мамандар өз тәжірибелерімен бөлісетін маңызды жиын аймақтық деңгейде ұйымдастырылып, республикамыздың өзге облыстарындағы әріптестермен бірлесе өтуінде. Қала педагогтары үшін бұл пікір алмасудың тың алаңы ретінде озат тәжірибемен бөлісудің ерекше мүмкіндіктерін ашқанын атап өту керек.
Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісіне қатысқан Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков өз сөзін өткен оқу жылындағы қашықтан оқыту көзіндегі кездескен кедергілерге қарамастан, білім беру процесін үздіксіз жүргізіп, балаларға сапалы білім, саналы тәрбие бердегі еңбектері үшін ұстаздарға алғыс айтудан бастады. Сондай-ақ білім беру саласын қолдауда жергілікті атқарушы орган тарапынан атқарылып жатқан істерге тоқталды. Мұнан соң еліміздің тұрақты дамуының кепілі болар ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда басшылыққа алынуы тиіс бірнеше міндеттерді атады. Бұл – білім ұйымдарында оқушылардың денсаулығын сақтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуын арттыруда жекеменшік балабақшаларды ынталандыру, оқушыларға кәсіби бағдар берудегі жұмысты жандандыру, мектептердегі менеджмент сапасын арттыру.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы жаңа оқу жылында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою, функционалдық сауаттылықтарын арттыру – ең басты міндет болатынын атады. Осы орайда баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін баса айтқан қаланың бас ұстазы мұғалімдер қауымын айтылған мәселелер төңірегінде ой түйіп, нәтижелі жұмыстануға шақырды.
Онлайн байланыс арқылы шыққан ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының директоры Манара Адамова 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру жұмыстарын таныстырса, «Ұлттық Ұстаз» онлайн академиясының директоры Гүлмира Корғанбаева әлемдік ғылым көшіне ілесудің алғышарттарын тарқатып, жаңа мектептің үлгісін қалыптастыруға тоқталды. Орал қаласы Оралдағы NIS директоры Айдарбек Айтпукешев мұғалімнің зерттеу мәдениетіне, қызметін қолдау тұжырымдамасына арналған жобаның нәтижесімен бөлісті. «STEM Academia» ЖШС-ның даму және зерттеу директоры Мағжан Қыстаубаев оқыту барысында сандық технологияларды қолдану мәселесіне тоқталды және облыстағы білім ұяларында интерактивті лабораториялар ашуды ұсынды. Конференция аясында №33 орта мектептің директоры Үміт Ерғалиева «Жобалар: идеядан – іске» тақырыбымен білім жүйесіндегі жобалық жұмыстар туралы ой тарқатты. Менеджердің кәсіби қолдауымен жас маманның жұмысы турыда тәжірибемен №5 орта мектеп директоры Әсем Бахытжанова мен биология пәнінің мұғалімі Ертілек Наурыз бөлісті.
Шара соңында үздік ұстаздар ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің, қала басшысының, және облыстық педагог қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру

Пікір үстеу