ОРАЛДА «ТІЛ – ТҰТАСТЫҚ ТУЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 25 тамыз күні Орал қаласы Жастар мәдениет үйінің концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері арасында «Тіл – тұтастық туы» байқауы өтті. Іс-шараны Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – басқа этностар өкілдері арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттай отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, салт-дәстүрлер арқылы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сөйлеу және ойлау сауаттылығын қалыптастыру.
Байқауға алты команда қатысты – «Тіл мұра» қоғамдық қозғалысы, орыс этномәдени бірлестігі, «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі, Татар этномәдени бірлестігі, «Еднання» украин этномәдени бірлестігі.
Қатысушы ассамблеялықтар қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін көрсетті, сондай-ақ дәстүрлі ұлттық тағамдармен ақ дастархан жайды.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды орыс этномәдени бірлестігі мен «Вайнах» неміс бірлестігі иеленді.
ІІ орынды «Еднання» украин қоғамы мен Татар этномәдени бірлестігі бөлісті.
І орынды «Достық» командасы иеленді, олардың өкілдері «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігі және «Бірлік» әзірбайжан орталығы болды.
БҚО ҚХА «Тіл – мұра» қоғамдық қозғалысы байқаудың бас жүлде иегерлері атанды.
Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті

Кіру

Пікір үстеу