8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Тамыз 2021 1692 0
Қалалықтар қаперіне

НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ КЕЛІСТІ БОЛУЫ КЕРЕК

19 тамыз күні Орал қалалық сәулет, қалақұрылысы бөлімінің мамандары Н.Назарбаев, Абай даңғылы және басқа да көшелер бойындағы бірнеше нысанда болып, маңдайшаларды, жарнамаларды орналастыруға қатысты талаптарды түсіндіріп, ұсыным түрінде ескерту парақтарын берді.

Сәйкесінше, олар белгіленген 10 күн ішінде қасбеттің келбетін реттеп, жарнамалық үлгіні жергілікті уәкілетті органның келісімін алған соң орналастыруы қажет. Егер ескертулер ескерілмесе, тексеру ашылып, тиісті түрде шара қолданылады, яғни айыппұл салынбақ.

Мекенжайлық рейд кезінде жарнамалардың мәтініне де назар аударылды. Мамандар атап өткендей, жарнама мәтіні қазақ және орыс тілдерінде жазылуы тиіс, әрі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісілуі керек.

Ең бастысы меншік иесі ғимараттың қасбетін тиісті деңгейде ұстауға жауапты. Егер ақаулары болса, дер кезінде қалпына келтіруі, оның ішінде түнгі мезгілде жарықтандырылуын ескеруі тиіс.

– Абаттандыру ережесіне сәйкес, меншік иесі нысанға тиесілі аумақтың  тазалығын, ғимараттың қасбетінің тиісті дейгейде болуын қамтамасыз етуі керек. Өткен жылы Назарбаев даңғылының дизайн-коды бекітілді. Соған сәйкес маңдайшалар, ақпараттық, жарнамалық құрылымдар қалалық сәулет, қала құрылысы бөлімімен келісілуі тиіс. Ескерерлік мәселе – Назарбаев даңғылының бойындағы нысандардың көпшілігі архитектуралық мұра саналады. Сондықтан айрықша көзқарас болуы керек, – дейді бөлім басшысының міндетін атқарушы  Ботагөз Түстікбай.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»