МЕКТЕПКЕ ЖОЛ: БҚО-ДА 1400-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Жыл басынан бері «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер батысқазақстандық 1469 оқушыға көмек көрсетті. Бұл туралы БҚО білім басқармасы мәлім етті.
Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында, облыста тұрақты негізде жыл бойы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында көрсетілген санаттарға жататын балаларға 2019 жылдан бастап «Мектепке жол» акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.
«Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы 2020 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның атаулық пен ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылып, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетінеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Atamekenim.kz порталы арқылы ата-аналардың көмек алмаса да, өңірде карантинның енгізілуіне орай көмекті қажет ететін отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі түрде 2120 оқушыға 25 227 мың теңгеге демеушілер көмек көрсетті. Олардың 999 оқушыға азық-түліктер, 1071 оқушыға оқу құралдары мен киім-кешектер, 32 оқушыға ұялы телефон, 5 оқушыға планшет, 1 оқушыға ноутбук, 9 оқушыға интернет байланысы, 3 оқушыға OTAU TV алып берілген.
«2021 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша көмекті қажет ететін отбасыларға 1469 оқушыға 11 565,928 мың теңгеге демеушілер көмек көрсетті. Оның ішінде 574 оқушыға 6 266,942 мыңға киім-кешек, 12 оқушыға 1 939,339 компьютер, 728 оқушыға 2 659,446 кеңсе тауарлары, 37 оқушыға ақшалай көмек, 96 оқушының отбасына азық-түлік, 13 оқушының отбасына отын және дәрі-дәрмекпен, 5 оқушыға телефон және 4 оқушының үйіне интернет ақысын төлеу сияқты барлығы 700,201мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді» – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
«Мектепке жол» акциясы облысымыз бойынша көмекке мұқтаж оқушыларға көмек көрсету жыл бойы жалғасатын болады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу