8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2021 1658 0
Қоғам

БАЛАЛАРДЫҢ КӨҢІЛІН ҚУАНЫШҚА ТОЛТЫРДЫ

Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері арналған «Қуанышқа толы жаз» атты акция ұйымдастырылды.  Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған акция түрлі шараларды қамтиды.  

Акция барысында Балалар ауылы тәрбиеленушілер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Ойын кезінде Ренат, Зинат Мамедов, Валентин Федотов, Артем Пустабаев, Николай Керцман, Жанайдар Баянгужин, Кирилл Ялов, Владислав Ермольчев есімді балалар белсенділіктерін көрсете білді.

Жеңімпаз команданың ойыншылары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Карантиндік шектеулерге байланысты бұған дейін Балалар ауылы тәрбиеленушілерімен көптеген шараларды өткізу мүмкін болмаған еді. Шектеулердің жеңілдетілуімен «Интеграл» қоғамдық бірлестігі тәрбиеленуші балалардың  көңілін қуанышқа толтыру мақсатында шығармашылық және спорттық байқаулар, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруды жалғастыра бермек.

 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
202 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
186 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
409 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»