8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Тамыз 2021 2107 0
Қоғам

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТУДЕ

Биыл алғаш рет еліміздің әрбір мұғалімі NIS-тің педагогикалық кеңесіне қосылуға мүмкіндік алды.

9-17 тамыз аралығында өтетін дәстүрлі тамыз конференциясы аясында қазақ және орыс тілдерінде он бес пән бойынша тақырыптық сессиялар, сондай-ақ кітапханашылар сессиясы жоспарланған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, жетекші және пилоттық мектептердің педагогтері онлайн форматта вебинарлар, шеберлік сабақтар мен презентациялар өткізіп, халықаралық сарапшылардың эксперттік пікірлері ұсынылуда, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарын білдіруде.

Онлайн-конференцияға Орал қаласының №41 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Гүлжамал Капашева да қатысты.

– Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру маңызды. Әсіресе, математикалық сауаттылық оқушылардың өмірде кездесетін мәселелерді математикалық пайымдаулармен шеше алуға мүмкіндік береді. Математикалық сауатты болу үшін арнайы құзіреттіліктер мен дағдылар қажет. Тамыз конференциясында математика сабақтарында математикалық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды құрастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар мен ресурстар, соның ішінде оқу процесінің негізі болып саналатын бағалау жүйесі бойынша тиімді кеңестер берілді, – дейді ол.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»