8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2021 2060 0
Қоғам

МЕРЕЙЛІ ЖАСТАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін, 16 тамыз күні  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімінің» ұжымы қос қызметкерін зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Бұл туралы БҚАТУ-дың медиа-орталығы хабарлады. 

Білім ордасындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалауға зор еңбектерін сіңірген Ерсайын Хайруллин мен Тыныс Хайдаровты 63 жасқа толған мерейтойларымен құттықтау іс-шарасына университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов қатысты. Мерейтой иелеріне басқарма төрағасы-университет ректоры Асқар Наметовтің құттықтау хатын табыстап: – Дәстүрлі түрде зейнет жасына толған қызметкерлерімізді құрметпен шығарып салмақпыз. Оқу орнында бірнеше жыл жұмыс істеген Ерсайын Қажымұратұлы мен Тыныс Қайыржанұлына алғысымыз шексіз. Университет ұстаздары мен қызметкерлері сіздерді жақсы біледі, сыйлайды. Ендігі уақытта тер төгіп жасаған еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер. Отбасыларыңызға амандық тілейміз, немере қызығына бөленіп аман жүріңіздер, – деп, ақжарма тілегін арнады.

Жиында сөз алған «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімінің» басшысы Жанболат Мусадиев әріптестеріне салауатты да баянды ғұмыр тілеп, осындай аға буын өкілдерінің өз ісіне деген жауапкершіліктерін өзгелерге үлгі етті. Осы бөлімде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан Якуб Жарылғасов та екі азаматпен бірге еңбек еткен уақыттарын еске түсіріп, оларға құрмет көрсеткен университет басшылығына ризашылығын жеткізді. Мерейтой иелерінің бірге қызметтес болған әріптестері де ағаларына ақ жол тілеп, олардың үлгі боларлық тұстары көп екенін атап өтті.

Университет жатақханасындағы қауіпсіздікке жауаптылардың бірі болған Ерсайын ағаның 2008 жылы наурыз айында орын алған төтенше жағдай кезіндегі батыл әрекеті де әңгіме болды. Осы оқиғаны тағы бір мәрте есіне түсірген ағамыз: – 2008 жылы 7 наурызда түнгі сағат 01.20-да жоғарғы қабаттың старостасы «газдың иісі шығып жатыр» деп келді. Дереу басшыларға хабар беріп, өзім уақыт жоғалтпай бесінші қабатқа көтеріліп, терезелерді аштым. Қыз балалар газдың иісіне уланып, естерінен танып құлап жатты. Оларды тездетіп бір-бірлеп көтеріп, төменге түсіре бастадым. Он екі жедел жәрдем көлігі келді. Газға уланған 56 студентті ауруханаға алып кетті, – деп есіне алды. Төтенше жағдай кезінде сабырлылық танытып, табан астында әрекетке көшкен күзет қызметкері газға уланған 57-ші адам болып, өзі де ауруханаға түскен. Ал таңмен дәрігерлерге қолхат жазып беріп, кезекшілігін тапсыру үшін қайтадан жұмыс орнына келіпті.

Мерейлі 63 жасқа толып, осы күнге дейін өздері темірдей тәртіпке бағынып қызмет еткен білім ошағынан абыроймен зейнеткерлікке шығып жатқан қос азамат барлық құрмет-қошеметке алғыстарын жаудырды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»