8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2021 3538 0
Спорт

МЕРЕКЕЛІК ЛЕБІЗ

Құрметті Қаймен Есенаманұлы!

Сізді және Сіз арқылы барша Ақ Жайық атырабындағы спортшы қауымын төл мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өмірде адам баласының денсаулығын болаттай жақсартып, ғұмырын ұзартатын, көңілін өсіріп, жүрегін жасартатын ең мықты сала – ол Спорт! Кім-кімді де батыр әрі батыл, қайратты, шыдамды, қажырлы, жігерлі болуға жетелейтін сала – ол Спорт! Құдіретті күш атасы Балуан Шолақтай ұлт мақтаныштары Сіз көш бастаған бұл салада бәйтеректей жайқалып өсуде. Өңірдегі бұқаралық спортты дамыту бағытында жеткен жетістіктеріңіз өте көп! Сіздің қолға алған әр бастамаңызға жерлестеріңіз куә және болашақта жүзеге асар әр игі-істеріңізді қолдауға дайын!

Сондықтан елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын, мәртебесін биіктететін спортшы жерлестеріміз республикалық, әлемдік додаларда топ жара бергей. Олардың әр жетістігі өлке халқын қуанта бергей. Маңдай тері кілем, татами, рингте төгілген, әлемдік аренада ел намысын жерге жықпаған батысқазақстандық спортшыларымыздың табыстарын сүйікті «Жайық үні» газеті оқырман қауымға сүйіншілеп жеткізе бергей… Сіздің ұжымыңызға деген біздің құрметіміз, ілтипатымыз тіптен бөлек!

Осынау мерейлі мерекеңізде Сізге және барша әріптестеріңізге тірліктің үзілмейтін сапарын, ырыс-несібесін, құт-берекесін, мөлдір аспаны мен бақыттың бұлбұлын тілеймін. Көк туымызды көкке желбіретер бәсекеге қабілетті, бақ-қуатты спортшыларыңыз көбейе берсін! Ақ Жайығымызға жемістер мен жеңістер сыйлай берсін!

Зор ықыласпен:

«Жайық үні- Жизнь города» газетінің ұжымы атынан Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА
14 тамыз 2021ж.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
198 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
422 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»