8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2021 1730 0
Қоғам

ОРАЛДА «ZETA» ЖИҺАЗЫ ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ

Қазақстандағы ең танымал брендтердің бірі Орал қаласында жұмсақ жиһаз өндірісін іске қосты. Бұл туралы «Aqjaiyq ӘКК» АҚ хабарлады.

«Aqjaiyq ӘКК» АҚ инвесторларға қызмет көрсету орталығының нақты көмек көрсетуімен,  «Бір терезе» қағидаты бойынша өндіріс орнының мәселесі шешілді. Ауданы 2 000 шаршы метр болатын цехта күнделікті тұрмыста қолданылатын жұмсақ жиһаз шығарылуда. Жиһаздар жайлы, көпфункционалды, ең бастысы тиімді бағада.

Облыс аумағында «ZETA» компаниясының тауарлары кең танымал. Өнімдері сұранысқа ие және сатып алушыларды қанағаттандырады. Осы орайда олар жұмсақ жиһазбен қатар алдағы уақытта корпусты жиһаздарды шығаруға ниетті.

Айта кетейік, қазақстандық өндіруші «ZETA» компаниясы 1996 жылдан бастап кең спектрлі жиһаз, пластикалық және металды өнім шығару бойынша ұлттық нарықтағы тұрақты көшбасшы саналады. Сондай-ақ «ZETA» дүкендер желісі қарқынды дамып келеді және бүгінгі таңда Қазақстанның 26 ​​қаласында 50-ден астам дүкені бар.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
417 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
405 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»