ҚАЛА ӘР ТҰРҒЫНҒА ҚОЛАЙЛЫ БОЛУЫ КЕРЕК
Осы мақсатта Орал қаласында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
11 тамыз күні қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары «Арба» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірге қала көшелеріне шығып, жаяу жүргіншілер жолының халықтың ұтқырлығы шектеулі тобы үшін қолайлылығын назарға алды.
Зерделеу жұмысы Орал теміржол вокзалы аумағынан басталды. Вокзал аумағы жуырда ғана жаңартылып, асфальтталған болатын. Алайда, жаяу жүргіншілер өткеліне түсетін тұста арбамен жүрушілерге қолайлы болуы ескерілмеген.
Н.Назарбаев даңғылының бойы, Назарбаев даңғылынан қалалық мәдениет және демалыс саябағына дейінгі Ахмедияр Құсайынов көшесінде тротуарлардың тегіс және еңістігінің талапқа сай болуы қадағаланды. Назарбаев даңғылының бойында жаяу жүргіншілер жолымен жолдың екінші бетіне өтуде кедергілер көп байқалмады. Ал қалалық демалыс саябағы бағытындағы тротуар бойынша жөндейтін, ретке келтіретін орындар бар.
Мүгедектер арбасымен қозғалатын қала тұрғындарының бірі – Қайрат Нұғманов. Күніге қала көшелерімен бірнеше шақырымды жүріп өтетін ол жолдың қай тұсында кедергілер бар екендігін бес саусағындай жаттап алған.
– Теміржол вокзалынан Жеңіс алаңына дейінгі Назарбаев даңғылы бойымен күнде қозғаламын. Вокзал мен Киров аялдамасы аралығында кедергілер кезедесді. Одан әрі қарай жақсы. Жалпы тротуарлармен түсетін беткей болмаса, автокөлік қозғалатын орталық жолға шығуымызға тура келеді. Ал бұл – қауіпті. Жолдың екінші жағына өтер болсақ, жаяу жүргіншілер жолына түсетін жер биік болып, тағы да қиындыққа тап келеміз. Емханаларға пандустар жасалды, дегенмен барлығында емес. Сонымен қатар шақыру түймелері жоқ, – дейді Қайрат Нұғманов.
Қала басшысының орынбасары Ерлан Ғалиев атап өткендей, ұтқырлығы шектеулі топтарға жайлы, қолайлы орта қалыптастыруда жұмыстар жүргізілуде. Ал бұл күні анықталған кедергілер ескеріліп, біртіндеп ретке келтіру жұмыстары жүргізілмек.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу