8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2021 3461 0
Дені сау ұлт

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғаныңызды бірнеше минут ішінде өздігіңізден тексеруге, сонымен қатар соңғы 12 айдағы анықтаманы алуға және қарызды көруге болатын бірнеше ыңғайлы құралдары бар. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова түсінік берді.

Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы. Сіз қосымшаны PlayMarket пен AppStore -дан жүктей аласыз. Біздің инфографикада сіз QR кодтарын таба аласыз, оларды арнайы қосымшаның көмегімен оқығаннан кейін бірден сізге қажет бетке өтуге болады.

Одан әрі мәзірден «сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, өзіңіздің ЖСН-ды енгізу қажет.

Телеграмм-бот @SaqtandyryBot. Мұнда сіз өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді анықтап қана қоймай, сонымен қатар соңғы 12 айдағы жарналар мен төлемдер туралы ақпарат ала аласыз.

Ботты біздің графикамыздан QR-кодты сканерлеу арқылы іске қосуға болады. Мәзірде «сақтандырылу мәртебесін анықтау» бөлімін таңдап, өзіңіздің ЖСН-ды енгізіңіз.

«Төлем жоқ» үзіндісіндегі ақпаратқа назар аударыңыз. Бұл дегеніміз, осы айларда сіз үшін жарналар мен аударымдар болған жоқ, яғни сізде қарыз пайда болды және оны төлеу қажет.

Сайт fms.kz. төменгі оң жақта сіз «мәртебені тексеру» плагинін көресіз. Сізден талап етілетін нәрсе – өзіңіздің ЖСН енгізу және ақпаратты сұрату.

eGov.kz – «Денсаулық сақтау» бөлімінде «медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және МӘМС жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табыңыз. Содан кейін «қызметке тапсырыс беру» батырмасын басып, өз ЖСН-ды жазыңыз.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
415 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
403 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»