ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ІРКІЛІС ЖОҚ
Деркөл кенті Сарыарқа шағынауданы бойынша 6 көшенің жолы жыл соңына дейін асфальтталады. Ал Зашаған кенті Сарытау шағынауданындағы 7 көшенің құрылыс жұмыстары аяқтала келді. Сонымен қатар автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.
Деркөл кентіндегі Сарыарқа шағынауданы бойынша 50 көшенің жолын салу үш жылға жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 3,1 млрд. теңге. Құрылыс мердігері – «Уральскводстрой» компаниясы. Компания өткен жылы өз есебінен шағынаудандағы Б.Майлин көшесінің 1 шақырымына асфальт төсеген еді, биыл аталмыш көше жолы толықтай аяқталды. Сондай-ақ Тақсай көшесінің жолы жасалып, мердігерлер Сарыжайлау көшесінің жолына кіріскен. Жалпы биыл 10,3 шақырым, яғни қоғамдық көлік жүретін 6 көшенің жолын салу көзделіп отыр. Бұған 900 млн. теңге бөлінген. Мердігер компанияның вице-президенті Тенгиз Тедеевтің айтуынша, құрылыс жұмыстарында іркіліс жоқ, материал қоры жеткілікті.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Сағиев мәлім еткендей, қазіргі уақытта Оралда өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бастау алған 8 көшенің жолы жасалуда. Сондай-ақ ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы шаһардағы жолдың жалпы ұзындығы ұзындығы 615 шақырымды құрайды. Оның 443,7 шақырымы, яғни 72,15 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2021 жылғы 12 тамыз күнгі №31 санында.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу