АБАЙДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Бүгін – Абай күні. Ұлы тұлғаның туған күніне орай Оралда рухани шаралар ұйымдастырылды. Орталық алаңдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қалалықтар қазақтың бас ақынының рухына тағзым етті.
10 тамыз – халқымыздың ұлы перзенті, ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туған күні. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен елімізде 10 тамыз – Абай күні болып ресми түрде бекітілді. Бұл күн – қоғамдық сананы жаңғыртатын, тұтас ел, ұлт болып дамуымызға серпін беретін зор мәнге ие. Абай ескерткіші алдында ұйымдастырылған «Әлем таныған ұлы Абай» атты танымдық шарада педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев Абай күнінің маңыздылығын атап өтті.
– Дау жоқ, бүгінгі күн қазақ қауымы үшін шын мәнінде бірегей ұлықты күн. Абайды құрметтеу, Абайға тағзым ету – шын мәнінде Абайдың күллі қағидаларына, барша мұрасына бас ию, Абай аманатына сенімді көзқараспен қарау деген сөз. Шын мәнінде Абай әлемдік рухани өркениеттің алыбы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Абай – жаңа Қазақстанның бренді, Абай қазақ ұлтын әлемге танытушы тұлға. Абайдың мұраларын меңгеру, игеру арқылы жаңа ұрпақты баулырымыз сөзсіз. Осы қағидадан ауытқымауымыз керек. Абайдың шәкірті Шәкәрім ғұлама «Халқым, ойыңды түзе, сөзіңе айналады. Сөзіңді түзе, ісіңе айалады. Ісіңді түзе, дағдыңа айналады. Дағдыңды түзе, мінезіңе айналады. Мінезің сенің – тағдырың» деген болатын. Абайдың мұрасын меңгерейік, ойымыз у болмағай, сөзіміз су болмағай, үмітіміз бу болмағай, – деді Абат Сатыбайұлы.
Қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев, ақын, өлкетанушы, Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері Талап Таймасұлы бастап, кітапханашылар мен орталық алаңға жиналғандар Абай ескерткішіне тағзым жасады.
Үрмелі аспаптар оркестрі мен скрипкашылар ансамблінің орындауында «Өзгеге көңілім тоярсың» әніне жазылған фантазия орындалды. Жас өрендер Абайдың даналық ойлары жазылған тақтатастар жанында хакімнің өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ «Абай – дана, Абай – дара қазақта» кітап көрмесі қойылып, көпшілікке Абай мұрасы насихатталды.
Кешке қалалық мәдениет және демалыс саябағында Ұлы Абай мұрасына арналған «Абай – ақын, Абай – сазгер» әдеби-сазды кеші өтеді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру



Пікір үстеу