«ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Оралда «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы өтуде. Жедел алдын алу шарасы 5-10 тамыз аралығына жоспарланған.
Мақсат – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ көліктегі апаттылықты төмендету. Шара барысында патрульдік полиция батальоны өзге де мүдделі ұйымдардың белсенді өкілдерімен бірге рейдтер ұйымдастырады. Көлік жүргізушілеріне «Жол тәртіпті талап етеді», «Өзіміз бен жақындарымызды бәледен қорғау тек біздің қолымызда» т.б. ескертпелері бар жадынамалар үлестірілуде.
Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Г.Исмағұлованың мәліметінше, жыл басынан бері Орал қаласы аумағында жаяу жүргіншілердің себепкер болуымен 11 жол көлік апаты тіркелген. Апат нәтижесінде 1 адам ажал құшты, 10 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
– Кез-келген жаяу жүргінші өтпелі жоқ көшеден өтуге болмайды. Ол үшін жақын маңдағы көше қиылысына немесе «Жаяу жүргінші өткелі» деген белгі орнатылған жерге дейін барып, арнайы өтпеден өтуі керек. Осы орайда рейд барысында жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтауларына басымдық берілетін болады, – деді полиция басқармасының өкілі Гүламан Исмағұлова.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу