БҚО-ДА 500 СТУДЕНТ ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҚТАРЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮР
Орал қаласында құрылыс қарқынды. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салынуда. Осы жұмыстардың басы-қасында кәсіби құрылысшылармен қатар студент-жастар да еңбек етіп жүр.
Бүгінде «Жасыл ел» студенттік құрылыс жасақтары қатарына облыс бойынша 500 сарбаз алынған болса, 250-і Орал қаласындағы өндірістік-құрылыс компанияларына жұмысқа орналасқан. «Жасыл ел» өңірлік штабының жетекшісі Аслан Тапишевтың айтуынша, сарбаздарға жалақыны жұмысқа тартқан компаниялар төлейді және штабтан 35 394 теңге төлеу қарастырылған.
– Студенттік құрылыс жасақтары қатарында еңбек етуге ниеттілер көп. Сонымен қатар құрылыс компаниялары де жастарды өздеріне ерте жастан тәрбиелеп алуды мақсат тұтады, – дейді Аслан Нұрланұлы.
«СКФ Отделстрой» ЖШС-де жасылелдік 30 өрен жұмысқа кірісіп, әр түрлі бағыттағы құрылыс істерін атқаруда. «Болашақ» ЖШС 30 сарбазды, «Айтемір» ЖШС 30 сарбазды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанынан құрылған студенттік жасақтарда 123 адам еңбек етуге мүмкндік алды. Олар тас төсеніштерді шығару, оларды төсеу жұмыстарымен қоса оқу ғимаратына жөндеу жұмысын жүргізуде. Құрылыс жасағындағы сарбаздардың бірі – Ерасыл Байзақов. Жәңгір хан университетінің Индустриалды-технологиялық институтында оқитын студент құрылыста еңбек ету болашақ мамандығына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берерін айтады.
– Болашақ мамандығым – құрылыс инженері. Биыл бірінші рет «Жасыл ел» жасағында жұмыс істеудемін. Негізінен университеттегі құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқандықтан, бұл маған мамандығым бойынша тәжірибе жинақтауға да үлкен көмек. Сонымен қатар жазғы демалыстағы уақытымды тиімді пайдаланып, табыс тауып жүрмін. Жалпы «Жасыл ел» бағдарламасы – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Келесі жылы да осы бағдарлама бойынша жұмыс істеу ойымда бар, – дейді сарбаз.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу