8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Шілде 2021 1818 0
Қоғам

ЗАШАҒАН КЕНТІНДЕ 11 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Қазіргі уақытта кенттегі Байтақ көшесі 4, 6 үйлердің аумағында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Аумақты абаттандыру өткен айда басталған. Мердігер – «Шамшын» құрылыс компаниясы.

Кенттік округ әкімдігінің бас маманы Шерхан Сапаровтың  сөзінше, келісімшартқа сай абаттандыру жұмыстары 4 ай ішінде аяқталуы тиіс. Абаттандырылатын нысанның аумағы 6 836 шаршы метр. Жобаға 55, 943 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта  мұнда мекенжайға кіреберіс жолды салу, үйлердің аумағын асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

– Мердігер жол салу жұмыстарымен қатар ойын алаңын дайындайтын болады. 824 шашы метр алаңға жұмсақ резеңке жабын төселеді. Балаларға арналған карусель, бірнеше жаттығу құрылымдары қойылады. Шағын футбол алаңы болады. Орындықтар дайындап, қоқыс салғыштар қою, жарықшамдар орнату қарастырылған. Бейнекамера да орнатылады, – деді әкімдік өкілі.

Ал Сейітов 1/3, 1/1, Саратов 22, 24, 26 аулалары аумағы асфальтталып, 169,5 метр арық жүйесі салынады. Аула жарықтандырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады. Сондай-ақ Бірлік көшесіндегі 9 аулада да абаттандыру жүргізілуде.

Жалпы Орал қаласы  әкімдігінің мәліметінше, биыл 48 ауланың абаттандырылуы көзделген. Оның 19-ы жобалық-сметалық құжаттама бойынша жаңғыртылады. Ал 29 аула аумағындағы жұмыстар  2021-2023 жылдарға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында Uralsk.smartmap.kz сайтына түскен өтініштер бойынша жүргізілмек. Бүгнігі күні бұл 29 ауланы абаттандырудың сметасы дайын. Құрылыс-монтаждау жұмыстары тамыз айында басталады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
238 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
418 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
406 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»