ДЕРБЕС МЕНЕДЖЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОҢТАЙЛЫ ЕТЕДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді тез әрі оңай алуға болатын бірнеше сервисті ұсынады. Соның бірі – «Дербес менеджер» сервисі.
«Дербес менеджер» – мемлекеттік корпорацияның қызмет алушыға жеке қызмет көрсететін маманы.
Біраз уақытты талап ететін және қызмет алушының өзі қатысуы тиіс сұранысқа ие бірқатар мемлекеттік қызметтер бар. Мысалы: «Жылжымайтын мүлік нысаны мен кепіл шартын тіркеу», «Меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау актісін беру және техникалық паспортын дайындау» немесе «Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру (жер актісі)» және т.б.
«Бізбен келісімшартқа отыру арқылы клиент мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету бөліміне келмей-ақ ала алады. Біздің маман клиенттің үйіне немесе кеңсесіне барып, қажетті құжаттарын дайындап береді. «Дербес менеджер» ХҚО-ның жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін сервис саналады»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.
Бұл қызмет жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолжетімді. Күрделілігіне байланысты қызметтердің арнайы құны бекітілген. Қосымша ақпарат алу үшін ХҚО-ның кез келген бөлімінде жұмыс жасайтын дербес менеджерлерге жолығу қажет.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша «Дербес менеджер» қызметін пайдалану үшін 400-дей адам жүгінген.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді

Кіру
Пікір үстеу