БҚО-ДА АЛТЫ МЕКТЕП ЖАБЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін, 29 шілде күні өңірлік коммникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева айтты.
Спикер брифингте облыстағы білім ұйымдарының жаңа 2021 – 2022 оқу жылына дайындығы және күзгі-қысқы мезгілдерге үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз мақсатындағы даярлық жұмыстары туралы баяндады. 2021-2022 оқу жылы қарсаңындағы болжамды мәлімет бойынша облыста 372 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасап, оларда 113 мыңнан астам оқушы, 5 жеке мектепте – 618, кешкі мектептерде- 243 білім алады. Оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуіне байланысты 6 бастауыш мектеп жабылады. Олар – Казталов ауданы Ащысай бастауыш мектебі, Бестерек бастауыш мектебі, Аққұрай бастауыш мектебі, Теректі ауданындағы Қоныссай бастауыш мектебі, Шыңғырлаудағы Ұрысай бастауыш мектебі және Жаңақала ауданындағы Плантация бастауыш мектебі.
Сондай-ақ оқушы санына байланысты үш негізгі мектеп бастауыш мектеп болып қайта құрылады. Олар – Ақжайық ауданы И.Тайманов атындағы негізгі мектеп, Қадырқұл негізгі мектебі және Теректі ауданы Қызылжар негізгі мектебі.
Облыста2021-2022 оқу жылы қарсаңында болжамды мәлімет бойынша 1 сыныпқа 11 202 оқушы қабылданды, құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 30 шілдесіне аяқталады. Мемлекеттік тілде 7341, орыс тілінде 3861 оқушы білім алмақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады

Кіру
Пікір үстеу