БҚО ӘКІМДІГІ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН МАМАНДАР ДАЯРЛАУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАДЫ
БҚО әкімдігі биыл жергілікті бюджет есебінен 94 білім грантын ұсынбақ. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 – 2022 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы жариялады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 9, 11, 17 қосымшаларының талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады. Оқу орындарынан конкурсқа өтініш 2021 жылдың 26 – 30 шілде аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 18.30 дейін, 090000 индексі, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында және е-mail: uo.zko@bko.gov.kz поштасында қабылданады.
| № | Даярлау бағытының коды және атауы | Білім беру бағдарламасы тобының коды | Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Грант саны |
| 1 | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау | В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | 10 |
| 2 | 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 10 |
| 3 | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | 10 |
| 4 | 6 В022 Гуманитарлық білімдер | В033 | Дінтану және теология | 3 |
| 5 | 6В083Орман шаруашылығы | В079 | Орман шаруашылығы | 2 |
| 6 | 6В086 Су ресурстары және суды пайдалану | В082 | Су ресурстары және суды пайдалану | 4 |
| 7 | 6В101 Денсаулық сақтау | В086 | Жалпы медицина | 50 |
| 8 | 6В021 Өнер | В028 | Хореография | 5 |
| Барлығы | 94 |
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу