8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Шілде 2021 1786 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНҒА УАҚЫТША ӘКЕЛІНГЕН АВТОКӨЛІКТЕР 30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛУЫ КЕРЕК

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың қажеттіліктері үшін шетел мемлекеттерінен уақытша әкелінген автокөліктердің иелері көліктерді 30 қыркүйекке дейін мемлекет аумағынан шығарып тастауы керектігін мәлімдеді.

Департамент Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жеке тұлғалардың жеке қажеттіліктері үшін шетел мемлекеттерінен уақытша әкелінген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімдерін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартқанын еске түсірді.

Сондай-ақ одақтың аумағына қоныс аударған тұлғалар, босқын, мәртебесін алған шетелдік азаматтар одақтың кедендік аумағына жеке мүлкін 18 айға дейін баж салығынсыз қолдану қарастырылатын жеңілдік алынып тасталды.

«Осындай көлік құралдарына иелік ететін жеке тұлғалар үшін қаржылық мәселе тудырмас үшін сатылған көлік құралдарының Одақтың кедендік аумағынан әкетілуін қамтамасыз етуіңізді сұраймыз және егер олар 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін экспортталмаса, кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленеді», – деп хабарлады департамент.

Бұған дейін коронавирустың асқынуына байланысты шарттар өзгерген болатын.

stan.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
156 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
253 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
227 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»