ҚАЗАҚСТАНДА КҮНБАҒЫС МАЙЫ ҚАЙТА ҚЫМБАТТАДЫ
Қазақстанда күнбағыс майы қайтадан қымбаттады. Қазір өнімнің литрі 960 теңгеден сатылуда. Қазақстандықтарды картоп пен сәбіз бағаларының қымбаттауы алаңдаушылық білдірген тұста, күнбағыс бағасы да көтерілді. Бұған не себеп?
Егер ірі сауда желілерінде майдың литрінің бағасы 845 теңгеден басталса, дүкендерде ең көп cұранысқа иелері 960 теңгеден сатылып тұр. Сатушылар өсімдік майы бар бөтелкелердегі баға белгілерін айына екі рет өзгертіп тұратындарын айтады.
Әр жеткізілім кезінде бір литр май құны 30 теңгеге артып отырады. Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері май құны 21,9%-ға қымбаттаған. Бір апта бұрын өсімдік майының Нұр-Сұлтандағы ресми бөлшек сауда бағасы 754 теңгені құрады. Ең жоғары баға Ақтауда – 821 теңге, ең төменгі баға Петропавлда – 627 теңге.
Мамандар өсімдік майы бағасының көтерілу себебі – шикізаттың қымбаттауы деп санайды. Оның құны өткен жылдан бастап үш есе өсті. Осы себепті өндірісте Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ететін төрт кәсіпорынның екеуін қысқартуға тура келді.
“Нарықта ресейлік майлар орын алатындықтан бұл өте қауіпті. Өкінішке қарай, олардан шығатын майлардың Қазақстанда шығатындардан арзан емес екенін көріп отырмыз. Осылайша, біздің отандық өндірушілер өз позицияларын жоғалтты. Қайта қалпына келтіру қиынға соқпақ”, – дейді Қазақстанның май-тоңмай қауымдастығы одағының президенті Константин Невзоров.
Қазақстанның май-тоң май одағы басшысының пікірінше, сауда желілерінде үстеме бағаларды өзгерту арқылы баға жағдайын реттеуге болады. Қазір сатып алушылар сатып алу құнының үстіне 15%-дан қосып отыр. Өндірушілер оларға литріне 100 теңге көлемінде ғана қосуды ұсынады. Осылайша, мемлекетке нарықты реттеу оңайырақ болады.
Күнбағыс майының қымбаттауының тағы бір себебі – маусымдық сұраныс. Үй шаруасындағы әйелдер қазіргі таңда көп тағам дайындайды. Баға қанша уақытқа дейін және қандай белгіге дейін көтерілетіні туралы мәселе әлі де белгісіз.
STAN.KZ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу