ВАКЦИНА АЛҒАН БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК БАР
Бүгінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 300-ден астам қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты.
Жұқпалы індетке қарсы күресте маңызы зор вакцина салдыру науқаны жоғары оқу орнында биылғы сәуір айында басталған еді. Университеттің басқарма мүшелері, институт басшылары және жоғары мектеп жетекшілері ұжымға ауру жұқтыру қаупін азайтуға күш салуда. Бұл тұрғыда әріптестеріне үлгі болып, аурудың алдын алуға атсалысқан 82 жастағы ардагер-ұстаз Тілекжан Рысқалиевті атап өтуге болады.
Индустриалды-технологиялық институт директорының орынбасары Әлия Оразова да – өз еркімен екпе алған қызметкерлердің бірі. Ол ең алдымен үйдегі қарт анасы мен балаларының қауіпсіздігін ойлаған. Бүгінде Ресейде білім алып жүрген ұстаз «Спутник V» вакцинасын таңдапты. «Мен үшін ең бастысы, өзімнің және отбасымның амандығы. Сол үшін де алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алдым» деді Әлия Фрунзеқызы. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы Бақытжан Әлжанов та екпе алу барысында алдымен өзінің денсаулығын ойлағанын айтты.
– Алдағы оқу жылын індет жұқтырып алудан қорықпай, еш алаңсыз бастағым келеді. Бұл қадам өзімді де, өзгелерді де қорғауға мүмкіндік береріне сенемін. Достарымды да вакцина салдырып, өзгелер үшін жауапкершілікті сезінуге шақырамын, – дейді студент.
Тағы бір айта кетерлігі, Жәңгір хан университетінде профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен студенттерді белсенді вакцинациялауға ынталандыру шаралары қолға алынуда. Яғни, вакцина салдыртқан 50 оқытушы мен қызметкерге «Ақжайық» шипажайына демалу үшін төлеген қаражатының 50 пайызына өтемақы төлеу, алғашқы 150 студенттің оқу ақысына 5 пайыздық жеңілдік, екпе алған студенттерге жатақханада кезексіз орналасу құқығын беру, еңбек демалысы кезінде вакцина алған 100 оқытушы мен қызметкерге қосымша демалыс беру, вакцина салдыртуды әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы белсенді насихаттаған 50 оқытушы мен қызметкерге, 100 білім алушыға арнайы сыйлықтар тағайындау; оқытушылар мен білім алушыларға біліктілікті арттыру және академиялық алмасу бойынша басымдықтар беру және университеттің фитнес залына тегін абонементтер беру.
Университеттегі вакцинациялау науқаны арнайы медициналық орталықта жүргізілді. Қалалық №6 емхана дәрігерлері алдымен екпе алуға ниет білдіргендердің денсаулық жағдайын тексеріп, сауалнама толтырды. Алдыңғы кезекте екпе алғандар бүгінде медициналық құжаттарын да алып үлгерді. Барлық ұжым мүшелерін өз денсаулығымен қатар басқаларды да COVID-19 індетінен сақтандыру үшін вакцина салдыртуға шақырамыз.
Ләззат ҚАЖЫМОВА
университет медиа-орталығының маманы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу