ШАРУАЛАР ЖАЙЫНА АЛАҢДАДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуде.
Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық, әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.
Ол үшін барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатын болады. Ағымдағы жылдың 12-16 шілде күндері Департамент қызметкерлері облыстың Жәнібек, Бөкейордасы және Жаңақала аудандарында іс-сапармен болды. Іс-сапар аясында шаруа қожалықтарымен кездесулер өткізіліп, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметтеріне мониторинг жүргізілуде. Шаруа қожалықтарымен кездесулер барысында күн панельіне қайта субсидия беру, ұңғыма құдықтарға 1000 гектарға дейін және бассейн құдықтарға, қырда тұрғын жайлар салуға субсидия беру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, жеңілдетілген бағамен дизель отынын жеткізу үшін ереженің қабылданбауына байланысты мәселелер туындады.
Департаментпен кешенді талдау аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, ауыл тұрғындарының арасында сауалнама өткізу және олардың проблемалық мәселелері негізінде арнайы өңірлік сұрақтардың тізілімі қалыптастырылды. Өңірлік арнайы проблемалық сұрақтардың тізіліміне ұсыныстарыңызды 8 775 300 02 14 телефон нөміріне немесе anticorruptionzko@mail.ru электронды поштасына жолдауларыңыз сұралады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу