БҚО ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 41 ПАЙЫЗЫ ЕКПЕ АЛДЫ
Бүгін, 16 шілде күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте обыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев вакцинация алу арқылы пандемияны тоқтатуға болатынын атап өтті.
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап өсу қарқынымен вакцинаның 1-ші компонентін 147 611 адам алған. Бұл – облыс тұрғындарының 41 пайызы. 2-ші компонентін 80 971 адам (22,4 пайыз) алған.
– Екпе жұмыстары жалғасуда. Кеше мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің №32 қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, вакцинацияның бірінші кезеңі 10 тамызға дейін, екінші кезеңі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Пандемияны вакцинация арқылы ғана тоқтата алатынымыз атап өтемін, – деді Мұхамғали Арыспаев.
Батыс Қазақстан облысында 2021 жылдың 1-ші ақпанынан бастап халықты коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жұмыстары басталды. Облыс бойынша барлығы 66 екпе пункті жұмыс істейді.
Спикер қазіргі уақытта облыста Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax, Коронавак вакциналары бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, пандемия басталғалы бері өңірде коронавирустық инфекцияның 27 819 зертханалық расталған жағдайы анықталды. 1 шілдеден бері COVID-19-дың 2836 жағдайы тіркелген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу