8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2021 2411 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАҒЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІ ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫН АШУДА

Оралда кейінгі жылдары орыс тілінде ғана оқытатын мектептердің үлесі  азаюда. Бұл ата-аналардың  сұранысына орай қазақ сыныптарының  ашылуымен байланысты болып отыр. Яғни орыс мектептерінде қазақ сыныптарының ашылуы орыс мектептерінің азайып, аралас тілде оқытатын мектептердің көбеюіне әкелді. Тек қазақ тілінде оқытатын  білім ұялары да көбеюде.

Орал қаласы білім беру бөлімі 2021-2022 оқу жылынан бастап орыс тілінде  білім беретін №3, 6, 7, 9, 17, 23, 24, 32, 39 жалпы орта мектептер қазақ тілінде оқытатын мектеп алды даярлық сыныбы бойынша оқушыларды қабылдайтынын мәлім етті. Сондай-ақ Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназияда қазақ тілінде оқытатын 1, 2 сыныптар ашылмақ.

Айта кетейік, өткен оқу жылында №16 орта мектепте қазақ сыныбы ашылды. Сондай-ақ су жаңа ғимаратқа  көшкен Эстетикалық бағыттағы гимназия 1 сынып бойынша екі қазақ сыныбына, 2, 3, 5, 6, 7 сыныптар бойынша бір-бірден қазақ тілді сыныптар ашқан болатын.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
101 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
154 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
342 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
335 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»