8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2021 2637 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ КӨРСЕТКІШІ 13 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙДІ

БҚО-да коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық бір аптада 13  пайызға көбейген. Бұл туралы бүгін, 16 шілде күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  мәлім етті.

 

Облыстағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер М.Арыспаев өңірдегі  жағдай өте күрделі екенін айтты. Пандемия басталғалы бері өңірде коронавирустық инфекцияның 27 819 зертханалық расталған жағдайы анықталды. 1 шілдеден бері COVID-19-дың 2836 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылғы дәл осындай кезеңнен 50 пайызға көп.  Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 1927 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген және вахталық ауысымнан шығарда не кірерде, шетелге шығар алдында, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған адамдарда анықталды.

– Осы аптада өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдықтың 13 пайызға өсуі байқалады. Ауырғандар саны Орал қаласында қөп. Аурушаңдықтың 1255-і – Оралда, 446-сы – Бәйтерек ауданында, 355 оқиға – Бөрлі ауданында, 134 жағдай – Теректі ауданында 123-і – Қазталов ауданында 98-і – Ақжайық ауданында, 96-сы – Тасқала ауданында тіркелді. Ал облыста кеше, 15 шілде күні   259 жағдай тіркелді. Бұл жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 182 адамда (70%), профилактикалық мақсатта тексерілген 43 адамда (18%) анықталды, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 28 адамда (11%) анықталды, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Шілденің  алғашқы күніне бері тіркелген жағдайлар бойынша 41-60 жас аралығындағы адамдардың  ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары – 935 адам. 26-40 жас аралығындағы 791 адам ауырған, 18-25 жастағылардан – 221 оқиға, 15-17 жас – 104, 14 жасқа дейінгі  268 бала инфекция жұқтырған.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
100 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
341 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
334 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»