БҚО-ДАҒЫ 31 АУЫЛДЫҚ ОКУРГТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ
25 шілдеде Батыс Қазақстан облысындағы 12 ауданның тоғыз ауданы бойынша 31 ауылдық округтің әкімдерінің сайлауы өтеді. Оның ішінде 26 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 5-уі (16,1%) – өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады.
БҚО сайлау комитетінің төрағасы Ғ.Қапақовтың мәліметінше, ауылдық округ әкімі лауазымдарына 93 кандидат ұсынылған. Олардың 40-ы – саяси партиялар атынан ұсынылғандар болса, 53-і – өзін-өзі ұсынушылар.
Орташа бәсекелестік -3 адам. Кандидаттардың ең көп саны 4-еуден(Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала аудандарының 9 ауылдық округтерінде). 9(29%) сайлау округінде 2 кандидаттан.
– Саяси партиялар 28 сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы – 25 кандидат, «Ауыл» ХДПП – 5 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП – 1 кандидат, «АDAL» СП – 5 кандидат, ҚХП – 3 кандидат, ЖСДП – 1 кандидат. 18 сайлау округінде бір саяси партия бар. 6 сайлау округінде екі және одан да көп саяси партияның кандидаттары ұсынылды. Нақты айтқанда, 4 округте екі саяси партиядан, 3 округте – үш партиядан. Сонымен қатар, Ақжайық, Сырым аудандарының 4 ауылдық округінде кандидаттарды тек «NurOtan», «Ауыл», «АDAL», «Ақ Жол» саяси партиялары ұсынды. Жаңақала, Казталов, Қаратөбе аудандарының 4 ауылдық округінде кандидаттар тек өзін-өзі ұсынды, – деді Ғ.Қапақов.
93 үміткердің алтауы – әйел. 45 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Оның ішінде 20 кандидат нақты ауылдық округтегі әкімдерге қайта дауысқа түседі.
Үміткерлердің орташа жасы – 41,1 жас. Бұл ретте ең жас кандидат 26 жаста. Ол Бөрлі ауданының ауылдық округі бойыншасайлауға түспек. Ең үлкені 60 жаста, ол Бөкей ордасы ауданының ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер.
Кандидаттардың 60-ы, яғни 64,5% – ауылдық округте, 27-сі (29%) – ауданда, 6 (6,45%) – облыста тұрады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады

Кіру
Пікір үстеу