ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ЕЛІМІЗДЕГІ КЕЗ КЕЛГЕН ХҚО-ДАН РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ
2021 жылдың үшінші тоқсанында әлеуметтік төлемдердің үш түрін ресімдеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің экстерриториалды қағидаты енгізілетін болады. Қазақстандықтар тұрақты тіркеу мекенжайына қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-на жүгіне алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов айтты.
Қазір тұрақты тіркеу жеріне қарасты ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талабының бірі.
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін цифрландыру бағыттарының бірі аумақтан тыс қағидатты енгізу. Үшінші тоқсанда осы принциптің арқасында қазақстандықтар баланың туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, жүктілік пен босануға, жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты кірістерін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға өтініш бере алады және бір жасқа толған кезде баланы күтуге байланысты табысы жоғалған жағдайда, тіркеу орнына қарамастан, елдің кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат өткізе алады. Жыл соңына қарай біз басқа төлемдер бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз» – деді Біржан Жүнісов.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік салада 815 мың Мемлекеттік қызмет көрсетті. Жалпы мемлекеттік корпорация төлемдердің 44 түрі бойынша электрондық іс макеттерін қалыптастырады және міндетті зейнетақы, әлеуметтік және медициналық аударымдар бойынша дербестендірілген есеп жүргізеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу