8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Шілде 2021 3318 0
Жалын

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, 3 маусым күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов 33-ші Халықаралық информатика олимпиадасының (IOI 2021) қола медаль иегері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Жамбыл Мақсотовты қабылдады, деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жамбыл Мақсотов – 2019-2021 жылға дейін бірнеше рет республикалық және халықаралық информатика олимпиадаларының жүлдегері атанған. Биылғы жылы 9-28 маусым аралығында қашықтық форматында өткен 33-ші Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI 2021) қола медаль жеңіп алды.

IOI 2021-ге әлемнің 88 елінен 351-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды (22 және 25 маусым). Қатысушылар алты алгоритмдік тапсырманы орындау арқылы информатикадан әр түрлі дағдыларды көрсетті.

Қазақстанның атынан қатысқан мектеп оқушылары төрт қола медаль жеңіп алды. Еліміздің ұлттық құрама командасында Алматы РФМС-тен Мансұр Мукимбеков, Жамбыл Мақсотов (БИЛ, Орал), Альтаир Ашуров (НЗМ, Нұр-Сұлтан) және Мухаммадариф Сахмолдин (НЗМ Алматы) болды.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ел намысын қорғағын білімді шәкіртті жетістігімен құттықтап, Iphone телефонын және ата-анасына алғыс хат табыстады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
258 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»